IM022
www.scarlett.ru SC-VC80C71
Ешуақытта орнатылмаған немесе шаң жинағышы
зақымдалған шаң сорғышпен жұмыс істемеңіз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы
сервис орталығына апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC -тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем
дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада,
XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы,
келесі төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Аспап үй-жайды шаңнан тазартуға арналған.
Құрылғыны орауынан шығарыңыз да, корпусындағы жапсырм қағазды алыңыз.
Иілгіш түтікті шаңсорғышқа жалғау үшін оның түп жағын шаң соратын саңылауға кигізіп, сырт
еткенше үстінен басыңыз. Иілгіш түтікті ажыратып алу үшін оның түбінің екі бүйіріндегі
бекітпелерді басыңыз.
Бунақты түтікшені керекті ұзындыққа жеткенше суырыңыз. Бұл үшін бунақты түтікшенің
ұзындығын реттейтін тетікті сырғытыңыз да, түтікшенің ұшынан тартыңыз.
Иілгіш түтікті түтікшеге орнатыңыз.
Түтікшеге қондырмалардың бірін кигізіңіз:
Қиыстырылған “еден/кілем” қондырмасы кілем төселген едендерді және соларға ұқсас
жабындарды, сондай-ақ тегіс беткі қабаттарды тзалуға арналған;
«Жиһаз/ Саңылау» қондырмасы жұмсақ жиһазды, перделерді, безендірілген беткі
қабаттарды тазалауға арналған.
ЖҰМЫС
Жұмысты бастаудың алдында қоректену бауын қажетті ұзындыққа керіп қойыңыз және
шаңышқыны электр жүйесінің розеткасына сұғыңыз. Баудағы сары таңба оның үйлесімді
ұзындығыныа, ал қызыл – барынша көп талапқа сай екенін көрсетеді, одан ары бауды керуге
болмайды.
Шаң сорғышты қосу үшін Қосу / Өшіру ноқатын басыңыз, сөну үшін – оны тағы бір рет
басыңыз.
Шлангінің тұтқасында сору күшін өзгертуге мүмкіндік беретін ауа ағынының реттеуіші
бар:перделерді, кітаптарды, жиһазды және т.б. тазалағанда оны ашу ұсынылады;кілемдік
жабулар үшін – жабылады.
Электр бауды орауға арналған тиісті ноқатты басыңыз, сонымен қатар, баудың бұралып
кетуі не зақымдануына жол бермеу үшін оны қолмен ұстап тұру ұсынылады.
Шаң сорғыштың қозғалтқышы қызып кетпеуі үшін 30 минуттан көп толассыз жұмыс істемеңіз
және 15 минуттан кем емес міндетті үзіліс жасаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Тазалағаннан кейін әр кез сауытты міндетті түрде тазартыңыз.
Сүзгі орнатылмаған болса, сондай-ақ сүзгі бүлінген немесе ластанған болса, аспапты
ешқашан да қолдануға болмайды. Ондай жағдайда пайдалансаңыз, қозғалтқышқа шаң
түседі де, құрылғының бұзылуына әкеледі
Егер сауыт "MAX" белгісіне дейін толы болса, аспапты пайдалануға болмайды. Сауыт толып
кеткен кезде, лас ауа шаңсорғыштың сүзгісін бітеп, соның нәтижесінде қозғалтқыш асқын
қызып кетеді де, істен шығады.
Аспапты құрылыс қоқысын (цемент, әк, сылақ, металл жоңқа және т.с.с.) жинау үшін
пайдалануға болмайды.Ондай ұсақ заттар қозғалтқыштың бұзылуына әкеледі
Шаңсорғыштың бөлшектерін ыдыс жуғыш немесе кір жуғыш машинада жууға болмайды
ШАҢ ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН САУЫТТЫ ТАЗАЛАУ
Шаңсорғышты сөндіріп, электр желісінен ажыратыңыз.
Шаң жинайтын контейнерді шаңсорғыштан шығарыңыз, ол үшін контейнерді бекіту
батырмасына басыңыз.
Әрбір тазалау жұмысынан кейін контейнерді шаңнан тазартып тұруға кеңес береміз.