• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс
немесе өрт шығу қаупі бар.
• Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың
барлығын ас құралдары себетіне ұшын
төмен қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі
себетке көлденеңінен не пышақ салатын
себетке салыңыз. (Пышақ салынатын
себет тек кей үлгілерде ғана бар).
• Ыдыс жуғыш машинаға
арналған
арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз,
шайғыш зат) ғана қолданыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған
тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіруі
мүмкін.
• Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
салыңыз. Құрылғыда қалған қалдық тұз
құрылғыны тоттандыруы немесе
табанын ойып жіберуі мүмкін.
• Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан
басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс жуғыш
машинаны тазартқыш,
сұйық тазартқыш)
салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі
мүмкін.
• Жуу бағдарламасын бастамай тұрып,
бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
• Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып
кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
• Ыдыстарды жуу бағдарламасы
аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
• Құрылғыны тазалар алдында, оны
сөндіріңіз де, ашаны розеткадан
алыңыз.
• Тұтанғыш заттар немесе тот
бастыратын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға
болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс
орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу нəтижесі
қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп
қалуы мүмкін.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
немесе буды қолданбаңыз. Электр
қатері орын алуы жəне құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
Орнату
• Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне
көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз,
сатушыға хабарласыңыз.
• Құрылғыны орнатып іске қосар алдында
орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Электр қосылымына, құбыр жүйесіне,
құрылғыны орнатуға қатысты
жұмыстарды тек білікті маман іске
асыруға тиіс. Бұл құрылғының
құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
• Құрылғыны орнату барысында, оның
ашасының розеткадан ағытылып
тұрғанына
көз жеткізіңіз.
• Құрылғының қабырғаларын, оның
гидравликалық немесе электр
бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін
бұрғылап теспеңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық
шаралары
• Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз.
• Мұз қату салдарынан болған ақаулық
үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Суға қосу
• Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа
түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын
қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне
немесе ұзақ уақыт қолданыста болмаған
құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше
минут ағызғаннан кейін су құятын түтікті
жалғаңыз.
• Құрылғыны орнатып жатқанда, су
түтіктерінің жаншылып қалмағанын
немесе бүлінбегенін тексеріңіз.
20