1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында
бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен
дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса
өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз
адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар
мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне
зақым келген адамдар не тәжірибесі аз
адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауы немесе
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша
берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінсе қолдануына болады.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
• Жуғыш заттардың барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар
мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
• Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
• Балалар тазалау және күтім көрсету
жұмыстарын басқаның бақылауынсыз
орындамауға тиіс.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы
ақпарат
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
• Ең көп салмақ 6 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
• Егер қуат көзі сымына зақым келген болса,
қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе
оның техникалық қызмет көрсетуші агенті
немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
• Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және
ең көп) 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8
МПа) арасында болуға тиіс
• Табанындағы желдеткіш саңылауларға
(егер бар болса) кілем кедергі жасамауға
тиіс.
• Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек. Ескі
түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
• Орам материалдарының және тасымал
тетіктерінің барлығын алыңыз.
• Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қайта көшірген кезде,
барабанды бұғаттап қою керек.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан
төмен немесе ауа-райы әсер ететін
жерлерге орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс,
орнықты, қызуға төзімді және таза болуын
қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны есігі толық ашылмайтын жерге
орнатпаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
20
www.electrolux.com